Шығыс Қазақстан облысынан құтқарылған бірқазан Алматыға пойызбен жеткізілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қыстайтын жаққа ұшуға күші жетпеген қызғылт бірқазан балапанын пойызбен Алматыдағы хайуанаттар бағына әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыстайтын жаққа ұшуға күші жетпеген қызғылт бірқазан балапанын пойызбен Алматыдағы хайуанаттар бағына әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірқазанды Шығыс Қазақстан облысы, Глубоковский ауданы, Белоусовка ауылының тұрғындары көріп, полиция шақырған. Тәртіп сақшылары құсты қаңғыбас иттерден қорғап қалды.

Кейін Шығыс Қазақстан облысының мейірімді тұрғындары құсты Алматыға әкелуге шешім шығарған.

Реклама
Реклама

Алматы хайуанаттар бағының мамандары балапан жұмыртқадан кеш шыққанын, қыстайтын жерге ұшуға күші жетпегенін хабарлады.

"Балапан бір ай ветеринария бөлімінде өзге құстардан оқшауланады. Оны бақылап, денсаулығын тексеріп, құстар ауруларына қарсы екпе салып, түрлі зиянкестерден қорғайды. Содан кейін Фимка, Халифа сияқты тұқымдастарына қосылып, бірқазандар үйіне ауыстырылады", - деді хайуанаттар бағында.

Бұған дейін қазанның басында алғаш бірқазан Ақтау қаласынан жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама