10 қаңтар 2023 | 11:06

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 11 адам құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Глубоковский ауданындағы Волчиха ауылындағы саяжайлардың бірінде 11 адам қар құрсауында қалып қойған. Өңірде бір аптаға жуық жауған қар мен ұйытқыған қарлы боранның кесірінен адамдар өз бетімен үйлеріне қайта алмаған.

"Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері "Шерп" көліктерімен құтқаруға келді. Барлық азаматтар аман-есен үйлеріне жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар департаменті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная