Шығыс Қазақстан облысындағы "Востокцветмет" ЖШС-нің Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Altainews.kz-ке сільеме жасап.
Қайғылы оқиға сенбіде, 9 мамырда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктен құлап, ауыр жарақаттар алған.
"Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына барлық қажет көмек көрсетіледі", - деп хабарлады KAZ Minerals компаниясынан.
2024 жылғы 31 тамызда "Востокцветмет" ЖШС-нің "Ертіс" шахтасында төрт адам белгісіз заттан уланып, көз жұмған еді. Сол кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі топтық жазатайым оқиғаға қатысты арнайы тергеу тағайындады.