Шығыс Қазақстанда әкімге 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Шығыс Қазақстанда ауыл округі әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда ауыл округі әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Самар ауылдық округі әкімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзып, басқа әлеуетті жеткізушілерді тендерге тең қатысу мүмкіндігінен айырып, бір ғана ЖШС-мен негізсіз екі шарт жасаған.

Келісімшарттардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асқан. Бұл қаражатқа қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға қоршау және аудан орталығына бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары сатып алынған. Алайда соңғы шарт бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін ішінара төлем жасалған.

Реклама
Реклама

"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін ШҚО аудан прокуратурасының қаулысына сәйкес Самар ауылдық округі әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, аудан прокуратурасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп кеңесінің қарауына ауыл әкіміне тәртіптік жауапкершілік қолдану туралы ұсыныс енгізді", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп кеңесінің шешімі негізінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін ауыл әкіміне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама