Шығыс Қазақстанда апаттық жағдайдағы бөгеттер салдарынан егістікке су жетпей жатыр

Шығыс Қазақстанда апаттық жағдайдағы бөгеттер салдарынан егістікке су жетпей жатыр

Шығыс Қазақстандағы екі ірі су қоймасы - Зайсан ауданындағы "Үйдене" және Тарбағатай ауданындағы "Қандысу" апатты жағдайда деп танылды. Гидротехникалық нысандардың 70 пайызы тозған, олар 60 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Биіктігі 9 қабатты үймен тең бөгеттің апатты күйіне байланысты су қоймалары тек жартылай ғана толып тұр. Соның салдарынан облыстағы суармалы жерлердің алқабы айтарлықтай қысқарған.

Бөгеттің бұзылу қаупі жоғары болғандықтан, билік өкілдері төтенше жағдайды болдырмау үшін нысандарды үнемі тексеріп, су көлемін шектеп отыр.

Жарнама
Жарнама

"Үйдене" бөгетін қалпына келтіру жобасы техникалық қателіктерге байланысты бірнеше рет кері қайтарылған. "Қазсушар" мамандары биыл қазанға дейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түпкілікті жоспарын бекітіп, мемлекеттік қаржыландыру алуға уәде беріп отыр.

Ал екінші - "Қандысу" бөгеті бойынша реконструкциялаудың егжей-тегжейлі жоспары дайын.

"Үйдене су қоймасының сыйымдылығы 75 миллион текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта Ертіс бассейндік инспекциясының рұқсатымен Үйденеге тек 46 миллион текше метр ғана су толтырылған", - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Қорабаев.

"Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының өкілі Дилара Жанболатованың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген.

"Алайда теріс қорытынды алынды. Соған байланысты жобалау ұйымымен келісімшарт бұзылды. Бүгінгі таңда "Қазсушар" РМК өз күшімен ЖСҚ-ны түзету жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Дилара Жанболатова.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама