ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2022 | 21:28
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты 2 жол учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты 2 жол учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі тасжолдарды қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.
"Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тасжолының 7-66 (Ушанов кенті мен Серебрянск қаласына дейінгі аралық) және 420-450 (Берел ауылынан Рахман қайнары санаториіне дейінгі жол) шақырымдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалып тексеріп отыруға кеңес берді. Бұл ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс жасайтын бірыңғай колл-орталығы. Сонымен қатар, ұлттық компанияның ресми сайтындағы интерактивті картада трассалардағы қазіргі жағдай көрсетілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также