16 қараша 2020 08:40

Шығыс Қазақстанда тағы бір қала карантинге жабылды

© Altaynews

Шығыс Қазақстан облысында соңғы жеті күнде коронавирус жұқтырғандар дейгейі өскендіктен аудан орталығы - Алтай қаласы карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аймақтың бас санитар дәрігері орынбасарының міндетін атқарушының қаулысына сәйкес, 15 қараша сағат 00.00-ден бастап қаланың сыртқы шекарасында кіріп-шыққандарды бақылау үшін блокбекет қойылды.

Реклама
Реклама

Алтай ауданында соңғы тәулікте 30 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ауданда вирус жұқтырғандар саны 825-ке жетті.

Карантинге байланысты кинотеатрлар, монша, сауна, бассейн, театр, мәдениет нысандары, кітапхана, музейлер, фитнес орталықтары және жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары жабық болады.

Бұған дейін ШҚО-ла Риддер, Серебрянск және Жаңа Бұқтырма ауылы карантинге жабылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! адамнан

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram