12 мамыр 2015 15:54

Шығысқазақстандық кәсіпкер жетім қызға пәтер сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ШҚО Ақпараттық орталығы © ШҚО Ақпараттық орталығы

Шығысқазақстандық кәсіпкер жетім қызға үй алып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Кәсіпкер пәтер кілтін "Мейірім" акциясы барысында табыс етті.


Шығысқазақстандық кәсіпкер жетім қызға үй алып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Кәсіпкер пәтер кілтін "Мейірім" акциясы барысында табыс етті.

"Жеке кәсіпкер Анар Назарова Семей қаласының №8 балалар үйінің түлегі Арайлым Ысқақоваға пәтер кілтін табыстады. Назарова тек Арайлымға ғана емес, бірнеше жыл қатарынан балалар үйінің түлектеріне әлуметтік көмек көрсетіп келеді", - делінген орталықтың хабарламасында.

"Анамдай болып кеткен Семейдегі №8 балалар үйінің тәлімгерлеріне, бүгін пәтер кілтін табыстап, толағай қуанышқа бөлеп отырған Анар әпкеме шексіз алғысымды білдіремін", - деді Арайлым.

Айта кетейік, қазіргі таңда ШҚО-да 3519 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның ішінде 1191 бала толық мемлекет қарауында, 2192 бала отбасында қамқорлықта болса, 136 бала патронаттық тәрбиеге берілген. Өскемен қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында ШҚО әкімдігінің бастамасымен 2011 жылдан бастап өңірде 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспар мен "Мейірім" акциясы жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда акциямен облыс бойынша 1800-ден астам бала қамтылып, олардың есепшоттарына аударылған қаражат көлемі 212 миллион теңгеге жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети