ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2023 | 09:00
Шығыста - 32, оңтүстікте + 4: 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік өңірлерде солтүстік циклон жырасына байланысты аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі", - делінген хабарламада.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда 25 градус қатты аяз болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -8-10 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -1-3 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз +2+4 градус болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также