ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 сәуір 2025 10:09
Шығыста ірі өрт шығып, оны сөндіруге тікұшақ тартылды
ШҚО Зайсан ауданында қамыс пен құрғақ шөп жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ШҚО Зайсан ауданында қамыс пен құрғақ шөп жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінде орналасқан Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп жанған, оның ошағы батпақты жерде орналасқан. Өртті сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы, ЖАО жеке құрамынан 85 адам және 15 техника жұмылдырылған.
Өртті сөндіру үшін Қазақстан ТЖМ мен ЖАО авиациясы да жұмылдырылды.
"ТЖМ әуе кемесінің бортында 12 құтқарушы бар. Барлық қажет жабдық жүктелген. Авиацияны пайдалану жету қиын жерлерге жедел баруға, әуеден жағдайды барлауға және өрт ошақтарын тиімді жоюға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу