04 қаңтар 2023 | 10:06

Шымбұлаққа 60 сантиметр қар түсті

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы қаласында қалың қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында қалың қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 02:30-дан бастап Алматыда қар жауа бастады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, қар әлі түске дейін жауады.

Таңғы сағат 08:00-ге дейін таулы аймақтарда - 15-18, қалада - 10, ал Шымбұлақта қар қалыңдығы 60 сантиметрге жетті.

Реклама
Реклама

"Синоптиктердің ескертуімен қар жауа бастағанға дейін қаланың барлық ауданында құмшашқыш машиналардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр, 2274 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілер жолын, көлік тұрақтары мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Таңғы 06:00-ден бастап патрульдік полицияның көмегімен қар тазалаушы көліктерден 17 колонна іске кірісті.

32 қар тасымалдаушы көлік пен 70 самосвалдың көмегімен қар шығарылып жатыр.

Түнгі уақытта 516 арнайы техника, оның ішінде 152 құмшашқыш, 204 тазалаушы техника мен 367 жұмысшы тазалау жұмыстарын жүргізді. Таңнан бері қала көшелерінде 524 арнайы техникамен 1240 жұмысшы қызмет етіп жатыр.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда жұмыстарды жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидромет мәліметінше, 4 қаңтарда күндіз қалада ауа температурасы -2..-4°С болады, қар жауып, секундына 2-7 метр жылдамдықтағы жел тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная