ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2021 | 16:08
Шымкент әкімі әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан ашылған әлеуметтік дүкеннің жұмысымен танысты. Елшібек батыр көшесі бойында орналасқан әлеуметтік дүкенде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентіміздің "егіс даласынан дүкен сөресіне дейін" атты пилоттық жобасы Шымкентте жүзеге асырылып жатыр. Жобаға бөлінген инвестиция құны - 50 миллион теңге. Мұнда күнделікті бірінші кезекте тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қолжетімді бағада сатылады.
Бұл дүкенде тек қана Шымкентте өндірілген азық-түлік тауарлары, жылыжай өнімдері жинақталған. Яғни, азық-түлік тауар өндірушілер мен дүкен иесі арасында ешқандай делдал жоқ. Сонымен қатар, мұнда өнімдер қаладағы орташа нарықтан 20 пайыз төмен бағада сатылады.
"Қала әкімі жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін осындай дүкендерге үйлестіруді ауылшаруашылық және ветеринария басқармасы басшысына тапсырды. Тауар түрлерін көбейтуді де міндеттеді. Мұрат Әйтенов экономикадағы бағаны тұрақтандырудың бірден бір жолы ретінде осындай дүкендерді көбейту бағытында жұмыс жанданатынын айтты", - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также