27 маусым 2020 | 14:12

Шымкент әкімі қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты.

Реклама
Реклама

Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай және оны қалыпқа келтіру барысындағы жұмыстар жөнінде айтты.

"Құрметті қала тұрғындары! Республикалық деңгейде Шымкент қаласы бойынша түрлі жаңалықтар жүріп жатыр. Яғни, Қазнетте Шымкент қаласында "науқастар аурухана қақпасына жетпей қайтыс болып жатыр және науқастарға орын жоқ" деген секілді ақпараттар тарауда. Осы жөнінде арнайы түсіндірме берсем, бүгінде қалада 650 инфекциялық төсек-орын бар. Оның ішінде жұқпалы ауруханаларда 350, жаңа салынған госпитальда 200 және Атамекен провизорлы стационарда 100 орын бар. Аталған ескі жұқпалы ауруханалар ауруханасында 321 науқас жатыр, госпитальда 172 және Атамекен провизорлы стационарда 42 науқас емделуде.

Ал жалпы 115 орын бос. Одан бөлек, қалада 1690 провизорлы орын бар. Оның ішінде 1315-інде науқастар ем алуда, қалғаны бос. Яғни, провизорлы орындардың 77 пайызы толып тұр. Сол себепті бүгін 500 провизорлы орын ашамыз.

Ал жексенбі күні 200, дүйсенбі күні 500 провизорлы орын ашылады. Сондай-ақ, 51 мекемеде 628 төсек-орындық күндізгі стационар аштық. Оның 248-і бос. Аталған күндізгі стационардағы бір орын күніне 5 адамды қабылдай алады. Ал жұмыс уақыты таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін (демалыссыз) істейді. Айта кетейін, осы күндізгі стационарларда науқастар тіркелген емханасы бойынша тегін емделеді. Халыққа дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін емханалардың жұмысын екі есе күшейтеміз", - деді қала әкімі.

Аталған брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаевтың айтуынша, қалада коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан 2084 науқас тіркелген. Оның 45 пайызы - симптомсыз. Провизорлы стационарлардың төсек қоры 89 пайызға жүктелген. Ал дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар.

Брифинг соңында сөз алған қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы қазіргі кезде медицина мамандарына жүктелген міндеттің ауыр екендігін алға тартып, тынымсыз еңбек етіп жатқан мамандардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырды. Ең бастысы, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстану қажет екендігін көрсетті

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная