20 мамыр 2016 21:15

Шымкент әкімі қаладағы жантүршігерлік жол апатынан кейін білім басқармасының басшысын қызметінен босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орнында түсірілген сурет Оқиға орнында түсірілген сурет

Шымкент әкімі қаладағы жантүршігерлік жол апатынан кейін қалалық білім басқармасының басшысы Ынтымақ Мәдиевті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент әкімі қаладағы жантүршігерлік жол апатынан кейін қалалық білім басқармасының басшысы Ынтымақ Мәдиевті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдікте өткен шұғыл жиын кезінде Ғабидулла Әбдірахымов балалардың мектепке барар жолдағы қауіпсіздігі тиісінше қамтамасыз етілмегенін алға тартты. Сонымен қатар, транспорт бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев пен ТКҚ бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсыновқа қатаң сөгіс берілді. Жұматаев жол белгілерінің, бағдаршамдардың дұрыс орналастырылмағаны үшін ескерту алса, Бектұрсынов әкімнен жол сапасының төмендігі үшін сөз естіді.

Әкім қалада болған жантүршігерлік жол апаты жөнінде де айта кетті. "Қалада тұрғындардың, балалар мен қонақтардың қауіпсіздігін сақтау қашан күшейеді? Жағдайды өзгерту үшін тағы қанша адам өлуі керек? Жаяу жүргіншілер жолының бойында заңсыз орналасқан сауда дүңгіршіктерін алу жұмыстарын ширатыңыздар. Мұндай апатты жағдайлардың басты себебі - жүргізушілердің мәдениетсіздігі, жолдар мен тротуарлардағы жол қозғалысы ережесінің дұрыс сақталмауы", - деді Әбдірахымов.

Естеріңізде болса, кеше Шымкент қаласында жол апаты болып, салдарынан бір бала қаза тапқан еді. Сонымен қатар, тағы алты бала жарақат алды. Жол жиегінде кетіп бара жатқан әйел де ауыр күйде жансақтау бөліміне жеткізілді. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші жылдамдықты асырып, салдарынан көлікті басқара алмай қалған  да, балалар тұрған автобус аялдамасына барып соғылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети