ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2020 | 15:32
Шымкент әкімдігі 3 миллиард теңге үнемдеді
Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 миллион теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар.
Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 миллион теңге дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпен тасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 миллион теңге қаланы дезинфекциялау жұмыстарына, ал 2 050,0 миллион теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына бағытталған.
Және де шілде айында қалалық бюджетті нақтылауы болады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы 7 214,6 миллион теңге оңтайландырылады деп жоспарланып жатыр. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру - абабаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также