Шымкент әкімінің экс-орынбасары сотталды

viewings icon 690
comments icon 0
КТК кадры КТК кадры

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған пара алуға әрекеттенді деген айып тағылған.

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған пара алуға әрекеттенді деген айып тағылған.

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде пара берді деген айыппен И.-ға қатысты іс қаралды (ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі).

"Сот И.-ды Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігін және 56-бабы 3-бөлігін пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына құқығынан айырумен 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентіне оны мемлекеттік наградасы – "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді", - деп хабарлады Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная