Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды

Руслан Берденов. Фото: t.me/mazhilis_kz

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Facebook-парақшасында мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Facebook-парақшасында мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлиевтің айтуынша, ол бүгін таңертең арнайы Шымкентке ұшып барған.

"Қазіргі жағдайы – орташа ауыр, реанимацияда. Сана-сезімі анық, сөйлесіп жатыр, жігерлі. Барша әріптестерден, достарымыздан сәлем айттым", – делінген жазбада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейінірек Руслан Берденов есін жиғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама