08 қазан 2020 | 15:05

Шымкент әуежайы бойынша сауда-саттық өтпей қалды

Шымкент әуежайы © otyrar.kz

Шымкент әуежайы бойынша сауда-саттық өтпей қалды. Шарт бойынша, әуежай сенім басқаруға беріледі және сатып алу құқығы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әуежайы бойынша сауда-саттық өтпей қалды. Шарт бойынша, әуежай сенім басқаруға беріледі және сатып алу құқығы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткізілген жоқ (сауда-саттық басталған сәттен бері тізілім веб-порталында тендерге (конкурсқа) екіден кем қатысушыдан өтінім қабылданды) - делінген e-auction.gosreestr.kz сайтындағы сауда мәртебесінің сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Яғни, бір ғана өтінім түскені белгілі болды.

Сауда-саттық 8 қазанда сағат 10.00-де өтуі керек еді.

Еске салайық, Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды.

Мұндай мәлімет электронды сауда алаңының сайтында пайда болды. Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге сомасында белгіленген.

Байқау шарты бойынша жеңімпазға кем дегенде алты миллиард теңге инвестиция салып, қарызды өтеу қажет болады. Объектінің инфрақұрылымын азаматтық авиация саласындағы қазіргі заманғы стандарттарға келтіру қажет екені айтылады. Жолаушылар терминалын қайта құру, арнайы техника мен жабдықтарды жаңарту және жаңғырту. Сайтта басқа да бірқатар шарт бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram