21 қазан 2019 | 12:54

Шымкент ауруханасында медбикенің зорлануы: дәрігер ақталып шықты

Шымкентте жұмыс орнында медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте жұмыс орнында медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Шымкенттегі әл-Фараби аудандық сотының судья-координаторы Сәбит Төреханов редакцияның ресми сауалына жауап берді. Оның айтуынша, сот жабық режимде өткен. 

Реклама
Реклама

"Сот үкімімен айыпталушы "Зорлау" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" баптары бойынша кінәсіз деп танылды. Оған тағылған айыптардың дәлелденбеуіне байланысты ол ақталып шықты", - деді Сәбит Төреханов. 

Оның айтуынша, айыпталушы өзіне тағылған айыптармен келіспеген. Тергеу барысында заттай деректер табылмаған және сот-медициналық сараптамасы мен бес куәгер зардап шеккен әйелдің сөздерін растамаған. 

"Осы істі жүргізген тергеушінің тарапынан көптеген заңбұзушылық болғаны және Шымкент ПД басшысының атына қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім шығарылды", - деді судья. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная