Шымкент ауруханасындағы айғай мен жылаған дауыс: Желіде үрейлі видео тарады

Видеодан кадр

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар қаланың теміржол ауруханасының ауласындағы бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар қаланың теміржол ауруханасының ауласындағы бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Ведомстводағылар теміржол ауруханасы провизорлық орталық ретінде жұмыс істеп тұрғанын және видео сол жерде түсірілгенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

"Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты орталыққа түсетін науқас көбейді. Соңғы тәулікте ауруханада төрт адам қайтыс болды. Бұл стационардағы науқастар арасындағы өлім көрсеткіші 3 пайыз болып тұр", - деді дәрігерлер.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, қайтыс болған төрт адамда басқа аурулар: қант диабеті, артериальная гипертензия, ишемия болған.

Сондай-ақ, пневмониямен түсетіндердің саны артқаны хабарланды. Шымкентте қазір COVID-19 жұқтырған 1296 адам симптоммен, 792 адам симптомсыз жұқтырған деп тіркелген. Ал пневмония диагнозымен ауруханаға түскендер 7,2 есе көбейген.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында маусым айында 700-ден астам адам пневмония жұқтырғаны белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная