Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Нұрлыбек Асылбеков, Бақытжан Позилов. Фото ашық көздерден алынған

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Нұрлыбек Асылбеков Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Нұрлыбек Асылбеков Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласының бас дәрігері лауазымы бір айдан астам уақыт бойы бос болды. 16 сәуірде қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Бақытжан Позиловтың өз еркімен жұмыстан кеткені белгілі болған еді.

Бұл орынға Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеген 56 жастағы Нұрлыбек Асылбеков келді.

Реклама
Реклама

Нұрлыбек Асылбеков еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы "Фармация" АҚ-да провизор технолог әрі бас маман болып бастаған. Кейінгі жұмыс орны - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама