Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі 6 қазанда Астана уақыт бойынша сағат 01:29-да Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.
"Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.3, магнитудасы - 5.9", - деп жазылған хабарламада.
Ең жоғары балл мына өңірлерде тіркелген:
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы - 4 балл;
- Жамбыл облысы Тараз қаласы - 4 балл;
- Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы 4 балл;
- Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы 4 балл;
- Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы 4 балл.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!