ПОДЕЛИТЬСЯ
15 маусым 2022 | 19:24
Шымкент қаласы 2023 жылы сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтылатын болады
Шымкент қаласында мемлекеттің инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары сәтті іске асып жатыр. Мәселен, Шымкент қаласы республикалық мәртебе алған 4 жыл ішінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсіеткіші 93 пайыздан 98 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы, Абай ауданына қарасты Арғымақ шағынауданында ауыз су мәселесі бұған дейін өзекті болып келді. Жоспар бойынша 2021 жылы мердігер компания құрылысты бастап, 6,8 шақырымға су құбыры тартылды. Маусым айынан бастап тұрғын үйлерге су беріле бастады. Ал Құрсай шағынауданында екі кезеңнен тұратын құбыр жүргізу жұмыстарының 60 пайызы орындалды.
Қазіргі таңда Шымкентте сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 7 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар - Құрсай-1 мен 2, Асар-2, Нұртас, Текесу, Қайнарбұлақ шағынаудандары, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары. Тиісті жұмыстар аяқталған соң бұл шағын аудандарда 11 мыңнан астам тұрғын ауыз суға қол жеткізеді.
Жалпы, Шымкентте ауыз суды кестемен тұтынатын тұрғын алаптар саны жыл сайын азайып келеді. Қалада жалпы 81 шағынаудан мен тұрғын алап болса, оның 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Жауапты мамандар 2023 жылы қала халқы таза сумен толық қамтамасыз етіледі деп жоспарлап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также