ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қаңтар 2023 | 16:07
Шымкент қаласы полиция басқармасының қызметтік көлігі жалған нөмірмен ұсталды
Шымкент патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала бойынша жалған мемлекеттік нөмірімен жүріп келе жатқан автокөлікті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала бойынша жалған мемлекеттік нөмірімен жүріп келе жатқан автокөлікті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, жүргізуші 590-баптың 4-бөлімі бойынша жауапқа тартылған.
"Киа-Рио" маркалы мемлекеттік белгісі 0745 көлігі Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы М.Бекееваға бекітілген. Айта кету керек, бұл көліктің артында жарты миллион теңгеге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу жәйіттері бар", - делінген Facebook желісіндегі жазбада.
Ал блогер Айгүл Орынбек жалған ресейлік нөмірі бар бұл көлік қалада такси болып жүргенін айтады.
Шымкент Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Мөлдір Бекеева бұл автокөліктің жүргізуші-полицейге бекітілгенін мәлімдеді.
"Аталған қызметтік көлік Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының 18.09.2022 жылғы бұйрығымен департаменттің автошаруашылығының жүргізуші-полицейіне бекітілген. Аталған қызметкерді 14.01.2023 жылы (сенбіде) патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жерінен ұстады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, заңда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін жеткіземіз", - деп жауап берді Бекеева Tengrinews.kz сайтының тілшісіне берген жауабында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также