30 қараша 2023 | 12:11

Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейтуде жол картасын жүзеге асыру тетіктері пысықталып жатыр

Бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәжілісте Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының мәселелері талқыланды. Жиында зауытты ұлғайтуға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру тетіктері мен өзекті мәселелер қаралды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәжілісте Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының мәселелері талқыланды. Жиында зауытты ұлғайтуға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру тетіктері мен өзекті мәселелер қаралды.

Мәжілісте қала әкімі зауытты кеңейту жобасын жүзеге асыру барысындағы жұмыстарға тоқталды.

Реклама
Реклама

"Шымкент мұнай өңдеу зауыты – еліміздегі жетекші 3 кәсіпорынның бірі. Үкімет аталған зауыттың жылдық қуатын 12 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша тапсырма берген болатын. Осы мақсатта Энергетика министрлігі мен кәсіпорын басшылары Қытай еліне іссапарға барып, өндірістік қуатты ұлғайту бойынша CNPC стратегиялық әріптестерімен бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Жобаның маңыздылығы мен ауқымдылығы ескеріліп, әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі. Осы орайда әкімдік пен кәсіпорын мамандары бірлесіп, мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасын талқылап, әзірледік. Жол картасының орындалу барысы жеке бақылауымда болады", – деді қала басшысы.

Жиында зауытты кеңейтуге бағытталған Жол картасын тиімді жүзеге асыруда кешенді жоспар пысықталды.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная