07 сәуір 2023 14:24

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы аяқталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

7 сәуірде Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 сәуірде Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, жөндеу жұмысы мерзімінен бұрын аяқталған.

Жоспарға сай сәуірде зауыт 366 мың тонна мұнай өңдеуі қажет.

Реклама
Реклама

Бензин өндірісі 110,1 мың тонна, дизель отыны - 114,8 мың тонна, сұйытылған мұнай газы - 15,1 мың тонна, әуе отыны - 19,3 мың тонна, мазут - 77,6 мың тонна көлемінде жоспарланып отыр.

Барлық жөндеу жұмыстары уақтылы, ал кейбірі уақытынан бұрын орындалғанын атап өткен жөн.

Айталық, мұнайды бастапқы айдау қондырғысы жұмыс режиміне жоспарлы мерзімінен бір тәулік бұрын, каталитикалық крекинг қондырғысы 5 тәулік бұрын шығарылды.

Мұнайды бастапқы айдау, каталитикалық риформинг, дизель отынын гидротазарту, керосинді гидротазарту, каталитикалық крекинг қондырғыларының жекелеген бөлшектерін ауыстыру, қалпына келтіру және жабдықтарын баптау сияқты іс-шаралар атқарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram