01 шілде 2021 | 15:48

Шымкент пен Алматы облысында "дельта" штамы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Алматы облысы мен Шымкентте коронавирустың үнді штамын жұқтырудың алғашқы дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы мен Шымкентте коронавирустың үнді штамын жұқтырудың алғашқы дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Шымкент "қызыл" аймаққа өтті. Үнді штамының алғашқы жағдайы тіркелгені туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желілерде жариялады. Оның айтуынша, өткен тәулікте вирус жұқтырған тағы 143 адам анықталған, оның ішінде бір айлық нәресте де бар.

Алматы облысы Талғар ауданындағы науқастардың бірі "дельта" штамын жұқтырғаны расталды. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері айтты.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "дельта" штамы басқа мутацияларға қарағанда 60 пайызға жұқпалы.

Бұған дейін Алматыда "дельта" штамын жұқтыру деңгейі күрт өскені хабарланған болатын. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеген еді.

"Қалада соңғы 10-14 күнде инфекция деңгейінің "тік" өсуі байқалады. Егер бастапқыда "дельта" штамын жұқтырғандар жалпы көрсеткіштің 23 пайызы болса, бүгінде ол 78 пайызға артты. Бастапқыда күніне 144 адам вирус жұқтырса, бүгінде ол 305 жағдайға жетті", - деді Ержан Бабақұмаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная