ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2022 | 15:23
Шымкент полициясы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады
Шымкент полициясы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент полициясы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шымкенттегі жарылыс дерегі бойынша Еңбекші АІІБ қызметкерлері ҚК-нің 292-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, жарылыс Шымкенттегі перзентхана маңында болды. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Оның өртеніп кеткен мәйіті табылды.
Кейін ТЖ орнынан кадрлар жарияланды.
Оқиға орнына Шымкент ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Жарылыс салдарынан № 138 ауруханааралық жеке дәріхананың ғимараты жанғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также