11 наурыз 2024 10:29

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып берген

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Деректі ҚМА аймақтық департаменті тергеген.

"Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 миллион теңге салық түспеген.

Сот үкімі бойынша, күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 15 миллион теңгеден аса сомаға қылмыстық табысы мен 50 миллион теңгеден аса сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram