Шымкент - Түркістан тасжолында жүк көлігі жанып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Шымкент - Түркістан тасжолында жүк көлігі жанып кетті

Шымкент-Түркістан тасжолында жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында Шымкенттен шыға берістегі Ынтымақ мөлтекауданында болған. Чипсы мен газды сусындар тиелген Mercedes-Benz Actros жүк көлігі тіркемесімен бірге отқа оранған. Нәтижесінде көлік ішіндегі заттар да жанып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары өртті сөндірді.

"ТЖД 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген департамент таратқан хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Қазір көліктің қалай өртенгендігі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама