ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қазан 2019 | 16:30
Шымкентегі қорымдар тағы да қараусыз қалды
Шымкентегі қорымдар тағы да қараусыз қалды. Алайда, биыл қалаға мазарларды күтіп ұстауға қомақты қаражат қаралған. Дегенмен мемлекеттік сатып алу конкурсының әлегімен ақшаға таласқан мердігерлердің алауыздығынан қорымдар тазаланбай отыр, - деп хабарлайды "Отырар".

Жыл аяғы таяғанша Шымкентте 44 қорымды күтіп ұстайтын мекеме табылмай отыр. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қортындысына келіспеген бірнеше серіктестік жарты жыл бойы соттасып келген. Осы уақыт аралығында мазарлардағы қоқыс қордаланып, ағаштары сусыз қураған. Ақыры шіліңгір шілдеде тендердің жеңімпазы анықталып "Көмек Болат" ЖШС-і мазарлардың санитарлық тазалығына кіріскен болатын. Алайда, тазалау жұмыстары әлі күнге дейін жүйеленбей отыр дейді шырақшылар.
Салаға жауаптылардың айтуынша жыл басында бөлінген 63 миллион теңгені игеруге кіріскен мердігерлер екі ай ғана жұмыс істеген. Қаралған қаржының 16 миллион теңгесін енді ғана игерген серіктестіктің жұмысын мемлекеттік ішкі аудит департаменті тоқтатып тастаған. Бәрі тендерге таласқандардың кесірі екен.
Міне, осылай қалта қамын ойлаған кәсіпкерлердің кесірі қорымдарды күтіп ұстауға қолбайлау болып отыр. Осылай деген әкімдіктегілер мемлекеттік сатып алу конкурсына бірқатар өзгерістер енгізілсе дейді. Себебі "екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өледінің» керін киген келеңсіздіктерден шенеуніктер де шаршаған.
Показать комментарии
Читайте также