15 шілде 2020 | 13:16

Шымкентке Ресейден дәрігерлер келді

Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапарларының мақсаты - коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу. Сондай-ақ олар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтар бар.

Реклама
Реклама

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Сондай-ақ, бірлесе жұмыс жасауда табыс тіледі.

"Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрігерлер коронавирустық инфекцияны емдеудің жаңа әдістерін зерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында біліктілік арттырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып отыр. Осы орайда, Сіздерді Шымкент қаласында көріп отырғанымызға қуаныштымыз", - деді Мұрат Әйтенов.

Ресейден келген дәрігерлер 3-4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітілетін болады. Бүгінде Шымкент қаласында короновируспен күрес бойынша ем алу шараларын жүргізуге 3264 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная