Шымкентте 12 жастағы оқушы автобустағы әрекеті үшін кешірім сұрады

Шымкентте 12 жастағы оқушы автобустағы әрекеті үшін кешірім сұрады Бейнеден алынған кадрлар

Шымкентте 12 жастағы мектеп оқушысы автобуста келе жатып, артқы техникалық люкті ашып, бұл әрекетін видеоға түсірген және оны кейін TikTok желісіне жариялаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR арнасына сілтеме жасап.

Шымкентте 12 жастағы мектеп оқушысы автобуста келе жатып, артқы техникалық люкті ашып, бұл әрекетін видеоға түсірген және оны кейін TikTok желісіне жариялаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR арнасына сілтеме жасап.

Бейнеролик әлеуметтік желілерде тарап, құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілді. Жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Оқушы өз қателігін мойындады, ал ата-анасы мұндай жағдай енді қайталанбайтынына сендірген.

Жарнама
Жарнама

Құқық қорғау органдары мен салалық қызметтер ата-аналарды балаларына қауіп төндіретін және қоғамда үлкен резонанс тудыратын мұндай әрекеттерге жол бермеу қажеттігін түсіндіруге шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте едені тесік автобус видеоға түсіп қалған еді.
Автобустың видеосы қалалық пабликтерде жарияланды. Бейнежазбада жүріп бара жатқан автобус еденіндегі тесіктен асфальт пен тоқтаусыз айналып жатқан кардан білігі анық көрінеді.


Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама