ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2023 | 08:54
Шымкентте 18 вагон рельстен шығып кетті
Шымкентте жүк пойызы рельстен шығып, 18 вагоны аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте жүк пойызы рельстен шығып, 18 вагоны аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 11 мамырда сағат 16:37-де ҚТЖ кезекші қызметінен хабарлама түскен. Абай ауданындағы "Игілік" аралығында Игілік-Бадам темір жолының 3 266 шақырым учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бүйіріне аударылып кеткені хабарланды.
"Вагондар "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол төсемі ішінара зақымданған. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ", - делінген хабарламада.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ ҰК" АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы барған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также