24 маусым 2021 | 15:24

Шымкентте 2023 жылы инфрақұрылым мәселесі толық шешіледі

Шымкентте 2023 жылы инфрақұрылым мәселесі толық шешіледі. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен өткізген кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте 2023 жылы инфрақұрылым мәселесі толық шешіледі. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен өткізген кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Соңғы үш жылда еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қалада 853,5 шақырым жол төселді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған, деп атап өтті шаһар басшысы.

"Тура үш жыл бұрын, осы айдың он тоғызыншы жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты десем, артық айтқаным емес. Соның ішінде, қала бюджеті 131,2 миллиард теңгеден биыл 481,6 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе. Кәсіпкерлік саласында инвестиция көлемі 1,9 есеге өсіп, 214 миллиард теңгеден биыл 400 миллиард теңгеге жетеміз деп отырмыз. Өнеркәсіп өнім көлемі 425 миллиард теңге болса, жыл соңында 710 миллиард теңге болады деп күтіліп отыр. Ал тұрғын үйды бір миллионға шаршы метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы соңғы үш жылдағы атқарылған ауқымды жұмыстар", - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Реклама
Реклама

Қала әкімінің Шымкенттің экономикалық өсімі инфрақұрылымға қарқын бергенін атай келе, 2023 жылы бұл саладағы тұрғындарды мазалаған өзекті мәселелер толық шешілетінін жеткізді.

Мәселен, шаһарда үш жылда, биылды қосып есептегенде, 18 тұрғын алабы ауыз суға қосылып, 60 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылған. 7 тұрғын алабы табиғи газға қосылып, 29 500 адам көгілдір отынға қол жеткізген. "2023 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады" дей келе Мұрат Дүйсенбекұлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласына ерекше қамқорлық көрсетіп келе жатқан Елбасының қала дамуындағы орасан рөлін Шымшаһар тұрғындары айрықша бағалайтынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная