ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қыркүйек 2019 | 17:20
Шымкентте 270 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті мемлекетке қайтарады
Шымкент қаласында 270 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті мемлекетке қайтарады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды "Отырар".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қаласында 270 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті мемлекетке қайтарады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды "Отырар".
Бұл тұрғындар еліміздегі ең мұқтаж азаматтарға тиесілі жәрдемақыны алу үшін табыс көзін жасырған. Қаржылай көмек алу үшін түрлі айла-шарғыға барған пысықайларға қандай шаралар көріледі?
Қазір Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға 67 мыңнан аса отбасы өтініш білдірген. Жәрдемақы олардың 80 пайызына мемлекеттен алған ақшасына есеп беру шартымен тағайындалады. Мемлекет қолдауының тек мұқтаж азаматтарға көрсетілуін қадағалау үшін қазір мамандар арнайы тексерулер ұйымдастырып отыр. Айтуларынша, құжат тапсыру кезінде кей тұрғындар табыс көздерін, қымбат көліктері мен зәулім үйлерін жасырған.
Бұл мәселе қазір мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей назарында. Халыққа Жолдауында ел президенті атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтардың түрлі құйтырқылықтарға баратынына қынжылып, жауаптыларға жүйені қайта қарап, жетілдіре түсуді тапсырды.
Еліміздегі ең мұқтаж отбасыларына тиісілі жәрдемақының жайы бүгін Жолдауды талқылауға арналған қала активінде де айтылды. Қала әкімі Ерлан Айтаханов атаулы әлеуметтік көмек масылдыққа емес, тұрғындардың тұрмысын түзетуі үшін берілетінін қадап айтты.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қазір жергілікті комиссиялармен бірлесіп, шартты қаржылай көмек алғандарға қатысты тексеру жұмыстарына қызу кіріскен. Қазірдің өзінде бірлескен топ табыс көзін жасырып жәрдемақы алған 300-ге жуық отбасын анықтап, мемлекет қаражатын кері қайтаруға барын салып жатыр. Сондай-ақ, жауаптылар алдағы уақытта мұндай әрекетке жол бермес үшін тиісті шараларды қамтып отырмыз дейді.
Показать комментарии
Читайте также