Шымкентте 3 жасар қыздың табылғаны туралы видео Қазнетті тәнті етті

Видео кадры

Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар қыздың табылғаны туралы видео Қазнетті тәнті етті. Қалалық Полиция департаменті іздеу операциясының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар қыздың табылғаны туралы видео Қазнетті тәнті етті. Қалалық Полиция департаменті іздеу операциясының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Желіде тарап кетті. Видеода табылған қыздың отбасымен қауышқан сәті көрсетілген. 

Реклама
Реклама

Шымкенттің қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 2 мамырда әл-Фараби аудандық Полиция бөлімшесіне 22 жастағы әйел қызы жоғалып кеткені туралы арыз қалдырған. Оның сөзінше, сағат 13.00 шамасында үш жасар қызы үйден шығып, жоғалып кеткен. 

"Қызды табу мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов барлық аудандық полиция басқармасына тапсырма берді. Іздестіру шараларына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 500-ден аса тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан сұрастырды. Қызды іздеуге кинологиялық қызметтің қызметтік иттері де тартылды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Іздестіру шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22.10-да патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жоғалып кеткен қызды "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым қашықтықта тауып, оны ата-анасына табыстады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама