17 мамыр 2020 10:32

Шымкентте 77 адам коронавирус жұқтырды

Фото: ТАСС

Шымкент қаласында бір тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 77 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында бір тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 77 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ПЦР тестілеудің нәтижесінде 77 адам COVID-19 вирусын жұқтырғаны расталды: Атырау облысынан келген 3 адам, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 2 жүргізуші, індет жұқтырған науқаспен байланыста болған 4 адам, әрі 68 адамның коронавирус жұқтырғаны скрининг нәтижесінде анықталды. Барлық науқас инфекциялық стационарға жатқызылды", - делінген мемлекеттік комиссияның жедел штабы таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Індет жұқтырған адамдармен байланыста болған тұрғындар анықталып жатыр. 

Вирус жұқтыру дерегі тіркелген орындарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 344 адам коронавирус жұқтырған. 

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 6 мыңнан асты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram