Шымкентте абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

Шымкент аудандарда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда биыл Абай ауданы аумағында жоспар бойынша 5 жерге әмбебап демалыс орындарын (гүлзарлар) салу жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс басталып, кейбір нысандар пайдалануға берілді.

Шымкент аудандарда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда биыл Абай ауданы аумағында жоспар бойынша 5 жерге әмбебап демалыс орындарын (гүлзарлар) салу жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс басталып, кейбір нысандар пайдалануға берілді.

Әкімдік мәліметінше, Достық шағынауданындағы Ақбосаға және Ақсу-Аюлы көшелерінде, Қызылжардағы Тоқбәйге көшесінде, Нұршуақ шағынауданындағы Миялы көшесінде және Асар-2 шағынауданындағы Нұр жол көшесінде гүлзарлар салынған. Сонымен қатар, Асар шағынауданындағы тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жаңартылып жатыр.

"Жалпы гүлзарлар орналастыру барысында 9 400 шаршы метр аумаққа көгал төселіп, 850 түп қарағаш және 100 түп шырша көшеті егілді. Бұл жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы демалыс орындарын ұсынуға бағытталған", - деді әкімдік өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Шымкенттегі Құрсай елдімекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы қарқынды атқарылып жатыр. Жоба аясында аумаққа электр энергиясының желісі тартылып жатыр. Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша мердігер мекеме "Электромонтаж" АҚ тарапынан бүгінге дейін 22 шақырым жерге жоғары кернеулі (10 кВ) кабель желісі мен 38 шақырымдық төменгі кернеулі (0,4 кВ) әуе желісі тартылды.

"Сонымен қатар 1 электр тарату бекеті және 5 трансформатор станциясы салынған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады. Нәтижесінде Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 400-ге жуық үйге электр энергиясы жеткізіліп, тұрғындар сапалы әрі тұрақты жарықпен қамтамасыз етіледі. Қала тұрғындарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – Шымкент қаласының әкімдігі мен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы жұмысының басты бағыттарының бірі", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында "Халық қатысатын бюджет" жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, Еңбекші ауданында тұрғындардың ұсыныстары негізінде балалар мен жасөспірімдерге арналған ашық спорт алаңшалары орнатылып, пайдалануға берілді.

Алаңшалар орнатылған мекенжайлар:

  • Жасдәурен ш/а., Жастар көшесі;
  • Азат ш/а., Аққыр, Жаңақұрылыс-2 және Мақтаарал көшелері;
  • Еламан ш/а., Жаңадария және Қызылтал көшелерінің қиылысы; Бозбұтақ көшесі;
  • Ш.Уәлиханов көшесі, 188Б ғимаратының арты;
  • Маятас т/а., Көзді ата және Жарлыкөл көшелерінде.

Алдағы уақытта тұрғындар "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында ұсыныстарын 2026 жылдың 20 қаңтары мен 1 наурызы аралығында аудан әкімдіктерінің ресми сайттары арқылы жолдай алады.

Айта кету керек, өткен жылы Еңбекші ауданында 9 жаңа спорт алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілген.

Tengrinews
Шымкент ІСБ баспасөз қызметі
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама