24 тамыз 2023 | 10:58

Шымкентте ағасы есірткі шекпе деп ақыл айтқан інісін пышақтап қашып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Шымкентте інісін өлтірген күдікті қызметтік иттің көмегімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте інісін өлтірген күдікті қызметтік иттің көмегімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Еңбекші АПБ-ның "102" арнасына кісі өлімі туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту бойынша жедел-тергеу тобымен бірге Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасарлары Серік Ергешов пен Арман Бейсенбаев және аудан прокурорлары да шыққан.

"Мекенжайға жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан зорлық белгілері бар ер адамның өлі денесін тапқан. Жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде інісінің кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткен", - делінген хабарланған.

Реклама
Реклама

Полиция департаментінің бас жедел уәкілі Арман Бейсенбаевтың нұсқауымен криминалдық полицияның жедел уәкілі Құттыбек Оңалбеков пен кинолог Мейіржан Қасымбеков қызметтік итті ертіп, үй маңында орналасқан темір жол жақты іздеуге шыққан. Полиция иті Грей бірден ізді анықтап, тәртіп сақшыларын киімін ауыстырып үлгерген күдіктіге апарған.

Қызметкерлер ер адамды қамауға алды.

"Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткіні қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталғаны белгілі болған. Бүгінде аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная