ПОДЕЛИТЬСЯ
13 наурыз 2017 | 11:09
Шымкентте "әкімнің әйеліне" айыппұл салынды
Әлеуметтік желілерде "әкімнің әйелі" деген атпен танылған шымкенттік әйелге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде "әкімнің әйелі" деген атпен танылған шымкенттік әйелге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Оған апат жағдайын туғызғаны үшін айыппұл салынған.
"Автобус жүргізушісі қақтығысты бастаса да, әйел жол қозғалысы ережесін бұзды. Ол көлігін жолдың ортасына тоқтатып қойды, осылайша апат жағдайын туғызды. Оған Шымкент ЖПҚ қызметкерлері ережені түсіндіріп, хаттама толтырды", - деді полицейлер.
Енді әйел 10 АЕК көлемінде (22 900 теңге) айыппұл төлеуі тиіс.
Еске сала кетейік, осыған дейін "әкімнің әйелі" атышулы оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Желіде жолда тұрған әйелдің суреті жарияланып, онда әйелдің "әкімнің әйелімін" деп, автобус жүргізушісіне және жолаушыларға қоқан-лоқы көрсетті делінген мәлімет тараған еді. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші әйел апат жағдайын туғызған автобус жүргізушісін және шындыққа жанаспайтын мәліметті таратқан блогерді жазалау үшін ІІД-ге арыз жазған. Ал кейін автобус жүргізушісінің жазаланатыны хабарланған еді.
Показать комментарии
Читайте также