Шымкентте ақша бопсалау схемасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте ақша бопсалау схемасы әшкере болды Фото:depositphotos.com

Полиция қызметкерлері азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық топтың құрамында екі қыз және үш жігіт болған. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, топ мүшелері оны ұрып-соғып, 800 мың теңге қаражатын алған.

Жедел шаралар барысында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша әрекет еткені белгілі болды.

Жарнама
Жарнама

"Қыздар әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, сеніміне кіріп, жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кездесу барысында пәтерге олардың сыбайластары баса-көктеп кіріп, өздерін қыздардың туыстары, ағалары немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. "Мәселені шешу" сылтауымен олар жәбірленушілерді ұрып-соғып, ақша талап еткен", - делінген хабарламада.

Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың ұялы телефондарың тексеру кезінде осыған ұқсас өзге де қылмыстардың деректері анықталды. Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілерді анықтау және барлық заңсыз әрекетті құжаттау жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама