25 желтоқсан 2023 | 16:19

Шымкентте алаяқ тұрғындарды "гипноздап", тонап кеткен

Фотоколлаж Polisia.kz

Шымкенттік қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттік қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындар алаяқтықтың құрбандары болды. Екі жағдайда да белгісіз әйел үйді сатып алу үшін көруге келген. Әңгімелесу барысында жалған сатып алушы әжелерге отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген. Тазарту рәсімін өткізу үшін ол алтын мен "қараңғы бөлмедегі қаралы күнге жинаған ақшаны" сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі - 600 мың теңге.

Реклама
Реклама

Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласып, болған жайды жеткізді. Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті гипноз қолданған, өйткені олар мұндай алаяқтыққа қалай түскенін түсінбейді. Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұған жедел басқару орталығының камералары көмектесті.

Ұсталған әйел Алматының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш адамдар арасынан таңдап алған. Шымкент полицейлері алаяқтардың мұндай айласына түсіп қалмас үшін тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеуге, бағалы заттарына абай болуға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная