ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2019 | 12:13
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар жаңа автобус бағыттары ашылды
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар жаңа автобус бағыттары ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар жаңа автобус бағыттары ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент қаласының жер көлемі соңғы бес жылда үш есеге ұлғайып, жаңа 40 елді мекен қосылған. Ал тұрғындардың саны миллионнан асып түсті. Сол себептен де қаланың шалғай мекендерін қоғамдық көлік қызметімен қамту жұмыстары өзекті болып тұр.
Мысалы, өткен жылы қалалық тасымалдаушы компаниялар жалпы 80 жаңа автобус сатып алды. Жаңа автобустар әлеуметтік маңызы бар бағыттарында қызмет көрсетуде. Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап, жаңа әлеуметтік маңызы бар №55 және №149 автобус бағыттары жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетіп жатыр.
Аталған бағыттарда сиымдылығы үлкен автобустар қызмет көрсетуде. №55 автобус бағыты Ынтымақ шағын ауданы арқылы, №149 автобус бағыты қаланың орталығымен Қайнар бұлақ шағын ауданына қатынауда. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Текесу, Айнатас, Жыланбұзған, Елтай, Жаңаталап, Көкбұлақ шағынаудандарына қарай жаңа бағыттар ашылады.
Айта кетейік, 2018 жылы Шымкент қаласында қоғамдық жолаушылар тасымалдау саласында 27 көлік компаниясы 79 бағытта 1 129 көлік құралдарымен жолаушыларға қызмет көрсеткен болатын.
Показать комментарии
Читайте также