14 қаңтар 2023 | 09:35

Шымкентте әскери бөлімде борышын өтеп жүрген сарбаз жындыханаға жатқызылды

© ktk.kz

Шымкентте әскери бөлімде борышын өтеп жүрген сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты. 35748 артиллерия дивизионының жауынгері Самрат Тыныштықбай осыдан бес күн бұрын ғана сау болған дейді туыстары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасыны сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте әскери бөлімде борышын өтеп жүрген сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты. 35748 артиллерия дивизионының жауынгері Самрат Тыныштықбай осыдан бес күн бұрын ғана сау болған дейді туыстары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасыны сілтеме жасап.

Бірақ ол кейінгі екі-үш күнде есінен адасып, аяқ асты өзгеріп кеткен. 20 жастағы жауынгердің туыстары бұл әскери бөлімдегі әлімжеттіктің кесірі болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Қызылордадан былтыр көктемде ғана әскерге алынған Самрат Тыныштықбай жыл өтпей жатып жындыханадан бір-ақ шықты. Туыстары бұған әскери бөлімдегілердің қатысы бар деп топшылайды. Себебі осыдан бес күн бұрын ғана ауылдан анасы мен әжесі келгенде ұлы сау болған екен. Арада бірер күн өткен соң Самрат психикалық ауытқуы бар науқастарға арналған ауруханадан бір-ақ шыққан.

Реклама
Реклама

"Күдігіміз бар, ұрған болуы керек. Әйтпесе екі күнде ол бүйтіп жынды адам құсап қалмайды ғой. Жынды адам сияқты боп қалған. Оны қорқытып, үркітіп, ұрып-соғып, соны білдірмейтін қылған. Жаңа біреу "психотроп зат салып жіберуі де мүмкін" деді. Сап-сау баланы екі күннің ішінде әскери бөлім психауруханаға жатқызған. Не деген оңбаған адамдар!" - деді сарбаздың апасы Салтанат Тыныштықбай.

Ал әскери бөлімдегілер туыстарының күдігін жоққа шығарады. Күнделікті қызмет етіп, үлгілі сарбаз ретінде танылған Самрат таңғы сап түзеу кезінде түсініксіз әрекет істей бастады дейді. Тіпті қаруластарына әмір беріп, пәрмендерді тыңдауды қойған соң, медициналық ротаға жібердік деп ақталып жатыр.

"Балаларға өзінен-өзі басқа тұрып, үндемей сапта тұрады да, бірақ сөйлеп тұрады, бірдеңе деп. Мысалы, "сапқа тұрыңдар" деп айқайлайды. Өзімен-өзі. Сосын өлең айтады. Бәріміз бір сапта тұрғаннан кейін белгіленген тәртіп бар. Ол тәртіпке бағынамыз. Ол тәртіпке бағынбай, бір теріс қылықтар жасады", - деді 35748 әскери бөлімі артиллерия дивизионының командирі Әділет Кенжебеков.

20 жастағы сарбазды кешелі бері тексеріп жатқан психикалық емдеу орталығының мамандары есінде кемістігі бар екені анық дейді. Бірақ нақты диагноз әлі қоя алмаймыз деп отыр.

"Келіп түскен кезде психикасының қатты бұзылғаны байқалды. Қазір науқас стационарлық тексеруге және емделуге жатқызылды. Диагнозы әлі қойылған жоқ. Тексеріліп жатыр. Он күннің ішінде диагноз қойылады", - деді Шымкент психикалық денсаулық орталығының бөлім маманы Сухраб Әбдіқадыров.

Мамандар бұл мекемеде кем дегенде бір ай жатады деп отыр. Ал сап-сау ұлын есінен тандырған әскери бөлімдегілер екеніне сенімді жақындары әскери прокуратура айналысып, бейнекамераларды жіті зерттеуін талап етіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная