Шымкентте асыранды балаларына жәбір көрсеткен тұрғын мәжбүрлі емдеуге жіберілді

Фото:depositphotos.com

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында бала асырап алған өңір тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында бала асырап алған өңір тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес сотталушы созылмалы психикалық аурумен ауыратыны және бұған дейінгі әрекеті кезде есі дұрыс емес күйде болғаны анықталды. Бұл жағдайда ол заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Қылмыстық кодекстің 16-бабына сәйкес сот оны мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, сот Оқу-ағарту министрлігіне, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына жеке қаулылар шығарды.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте асырап алған ата-анасы балаларды аяусыз қорлағаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама