17 тамыз 2021 | 11:28

Шымкентте ауған босқындарын қабылдауға дайындық жүріп жатқаны рас па?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Шымкент қаласының әкімдігі Ауғанстаннан босқындар қабылдауға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының әкімдігі Ауғанстаннан босқындар қабылдауға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Ауғанстаннан келетін босқындарды қабылдауға дайындық туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлайды. Тоғыс елді мекенінің №120 мектебінде жаңа оқу жылына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

16 тамызда жергілікті Vera.kz газеті Шымкент Ауғанстаннан босқындар қабылдауға дайындалып жатқанын жазды. Газет мәліметінше, оларды екі ғимаратқа - бұрынғы студенттік жатақхана мен Тоғыс кентіндегі №120 мектептің ғимаратына орналастыру жоспарланған.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстаннан босқындар келетіні және оларды Шымкент пен Түркістан облысына орналастыру туралы ақпарат жалған екенін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная