17 шілде 2018 09:47

Шымкентте бала көтере алмай жүрген әйелдер мен емшінің арасында дау шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының кадры КТК телеарнасының кадры

Шымкентте бала көтере алмай жүрген бір топ келіншек емшіге алданғандарын айтты, деп хабарлады КТК.


Шымкентте бала көтере алмай жүрген бір топ келіншек емшіге алданғандарын айтты, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, Шымкентте бала көтере алмай жүрген бір топ келіншек "алаяқ-емшіге алдандық" деп шу шығарған. Сайрам ауылында тұратын емшіге әйелдер келіп, 250 мыңнан бастап миллион теңгенің арасында ақша берген. Ал, тәуіп өз кезегінде оларға бала көтересің деп кепілдік беріпті. Бірақ, бала тумақ түгілі келіншектер жарымжан болып жатыр екен. Ал, емші болса керісінше өзін алаяқ әйелдердің құрбанымын деп отыр.

Бірі Ақтау мен Атыраудан, бірі Семей өңірінен келген келіншектер жүзін көрсеткілері келмеді. Барлығы да бір перзентке зар болып, көрінбеген дәрігері мен емшісі қалмағандар. Шымкенттік Ұнсынай Маскееваның бедеу әйелді демде емдейді екен дегенді естіп, алып-ұшып келген оларды емші еш кідірместен қабылдапты. Барлығына бір диагноз қойып, бір ғана емдік шара жүргізіпті. Бірнеше күннен кейін көтердің деп қомақты сыйлық әкелуді бұйырға.

"30 мамырда көтердің деп шықты. Тест қызарып шықты. УЗИ-ға барсақ ешқандай бала жоқ", - деді әйелдердің бірі.

"Мен 700 мың теңге төледім 35 күнге. 700 мыңға кіретіні тампон мен бір майы бар уқалайтын. Бірақ менің жатырым кішірейіп қалды. Осыны айтып барғанымда мені қорқытты кәдімгідей", - деді тағы бір жәбірленуші.

Әйелдердің айтуынша, өздері Ұнсынай апа деп атаған емші шытырлатып ақша алғанымен қоймай, тез бала көтеру үшін жатқан жерін тазалауды бұйырған. Яғни, медициналық орталықтың еденін жуып, шаңын сүртсең бала көтеруге мүмкіндік көбейетін көрінеді. Алдандық дегендердің арызын тыңдаған құқыққорғаушы Айгүл Орынбек қазірдің өзінде опық жегендер саны 40-тан асқанын айтты.

"Қазақстанның әр түкпірінен өте көп. Атырау жақта жатырынан айрылып жатқан қыздар бар, Алматы жақта екі қыз трубкасынан айрылған. Яғни бұл кісі УЗИ-ға түспейсің деп қыздардың сеніміне кіріп, психологиялық тұрғыдан қысым көрсетіп, денсаулығына зақым келтіріп отыр ғой. Яғни, қазір жансақтау бөлімінде жатқан қыздар бар", - деді құқыққорғаушы Айгүл Орынбек.

Телеарнаның мәліметінше, тілшілер емшінің медициналық орталығына барған. Тек оның көмекшілері әуелі емші әйелді жоқ деп, келгендерді беттен алса, артынша тілшілерді ғана ішке кіргізген. 55 жастағы әйел әр пациенттен күндігіне 4 мыңнан артық алған емеспін деп ақталды. Жұртқа жақсылық жасаймын деп өзім қоқан-лоққы естіп жатырмын, дейді.

"Ақшамды қайтар деп күн сайын телефон арқылы қорқытып жатыр. 2 миллион, 3 миллион бергенбіз деп өтірік соғып жатыр. Өлтіріп кетеміз деп жатқандары да бар", - деді емші Ұнсынай Маскеева.

Жәбір көрдім деген емші қазір 4 адамға қатысты тергеу органдарына арыз түсіріпті. Өз кезегінде Ұнсынай Маскееваға алдандық деген әйелдер де жаппай полицияға шағым жазып жатыр. Емшіден көңілі қалған келіншектер бұл іске елордалық шенеуніктер назар аударса дейді. Себебі, құрығы да ұзын, қалтасы да қалың емші күнгейде жазасыз қалуы мүмкін деп қорқады.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети