05 қаңтар 2024 | 09:51

Шымкентте баспана алу үшін айла-шарғы жасаған полицей шенінен айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Прокурорлар Шымкентте баспана алудың қылмыстық схемасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурорлар Шымкентте баспана алудың қылмыстық схемасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.

Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу дерегі анықталды.

"Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабы 2-1-бөлігі негізінде СДТБТ-гетіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол "полиция майоры" шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

"Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная