Шымкентте блогер ұсталды

видео кадры

Шымкентте полицейлер мектеп мұғалімінен ақша бопсалады деген күдікпен жергілікті блогерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Шымкентте полицейлер мектеп мұғалімінен ақша бопсалады деген күдікпен жергілікті блогерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ер адам педагогтен беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жария етпеу үшін 1,2 миллион теңге талап еткен. Алдын ала деректер бойынша, күдікті жәбірленушіге қысым көрсету үшін өзінің медиа мәртебесін пайдаланған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

Полиция кез келген бопсалау және қорқыту әрекеттері – әлеуметтік мәртебесіне не қолданатын платформасына қарамастан – қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

"Азаматтарды қандай да бір қорқыту әрекеттеріне көнбеуге және осындай жағдайлар болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз", – деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама